Ақешкі бастауыш мектебінде 9 - Мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шаралар
Ақешкі бастауыш мектебінде 9 - Мамыр Жеңіс күніне арналған іс - шаралар өтті. Іс - шараның мақсаты: Отанын қорғауда асқан ерліктің үлгісін көрсеткен батыр ұлдары мен қыздарын мәңгі есте сақтау, құрметтеу. Өткізілген іс - шара барысында оқушылар ерлік істері мен есімдері алтын әріппен жазылған ерлерімізге арналған бейнеролик көрді. Батырларға арналған өлеңдерін айтып, әндерін шырқады. Жеңіс күніне арнап салынған сурет көрмесі ұйымдастырылды.